Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді

Елорданың тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, алтыншы ауданның атауын таңдау үшін ғалымдардың қатысуымен бірнеше отырыс өткізілген.
«15-ке жуық ұсыныс түсті. Олардың төртеуі іріктелді: Сарайшық, Сауран, Тұран және Жеруық. Олар бойынша ономастикалық комиссияның тағы бір отырысы өтті. Содан кейін дауысқа салынып, көпшіліктің даусымен Сарайшық нұсқасы таңдалды», - деді ол.