Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОО бағдарламасына «Адам құқықтарының негізі» пәнін енгізу ұсынылды

ЖОО бағдарламасына «Адам құқықтарының негізі» пәнін енгізу ұсынылды

Адам құқықтары жөніндегі комиссия жоғары білім алуға азаматтардың конституциялық құқықтарын талқылады. Онда жоғары оқу орындарының бағдарламаларына «Адам құқықтарының негізі» пәнін енгізу керек деген ұсыныс айтылды., деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.


Фото: rally36.ru

2024 жылғы 7 маусымда Игорь Роговтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жоғары білім алуға азаматтардың конституциялық құқықтарын талқылауға, жоғары білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасызету жөнінде талқылауға арналған отырысы өтті.
Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, омбудсмендер, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, адвокатураның, адам құқықтарын соттан тыс қорғаудың басқа институттарының, білім беру ұйымдарының, жұртшылык пен БАҚ өкілдері катысты.
Саясат Нұрбек жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінін негізгі қорытындыларын таныстырды.
«Елімізде 120 жоғары оқу орны бар. Онда 650 мыңға жуық жас білім алады. Алдағы жылдары студент саны ұлғаймаса, кемімейтіні анық. Сондықтан оларға сапалы білім беріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту ісінде еш кідіріс болмауы шарт», – деді ғылым және жоғары білім министрі.
Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында Жоғары оқу орындарының бағдарламаларына «Адам құқықтарының негізі» пәнін енгізу керек деген ұсыныс айтылды.
Комиссия төрағасы Игорь Роговтың пікірінше, бұндай пән студенттердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға сеп болмақ.
09 маусым 2024 ж. 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930