Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл салынған құрылыстың 92 пайызы — тұрғын үйлер

Биыл салынған құрылыстың 92 пайызы — тұрғын үйлер

2024 жылдың 4 айында орындалған құрылыс жұмысының жалпы көлемі 1,2 трлн теңге болды, бұл былтырғы жылдың тиісті көрсеткішінен 12,2% артық.


Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды. Орындалған мердігерлік жұмыстардың ішінде құрылыстың жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес тұрғын емес ғимараттар құрылысына тиесілі — 24,3%.
Бұдан кейін тұрғын үй құрылысы — 14,9%. Үштікке автомобиль жолдарының құрылысы да кіреді — бұл жұмыс түрлерінің үлес салмағы 10,9%.
Өңірлер бөлінісінде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) ең көп көлемі Атырау облысына тиесілі — 268 млрд теңге, алайда бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,3% кем.
Сондай-ақ орындалған жұмыс көлемі бойынша Астана (127,4 млрд теңге) және Алматы (118,7 млрд теңге) қалалары көш бастап тұр.2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында пайдалануға берілген нысандар саны — 9 597.
Оның ішінде 92% — тұрғын үйлер, 2% — сауда объектілері, 1% — кеңселер, 4% — объектінің өзге түрлері.
08 маусым 2024 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031