ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Аудан өнерпаздары 25 мамыр күні Түркия елінің Стамбул қаласында өткен «Жүрек жылуы» атты Халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды.
Өнерлі балалар байқауында Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Балауса» ән үйірмесінің мүшелері Бозтай Нұрислам, Жәнібекова Жаннұр, Балтабай Мейірхан, «ART-life» өнер орталығының ән салу үйірмесінің мүшесі Пазылбек Гүлсезім Бас жүлдені жеңіп алды.
Жас өнерпаздар әлем сахнасында қазақтың халық әні «Бір бала», Молдабайдың әні «Молдабай», «Мен қазақтың баласы», «Құстар қайтып барады» әндерін шырқап, қонақтарға таңдай қақтырған. Бұл – жас өрендердің әлемдік деңгейдегі алғашқы жеңісі.
Елге жүлдемен оралған өнерпаздар Италия мемлекетінде өтетін «Festival internazionale dei giovani» атты Халықаралық балалар фестиваліне жолдама алды.
Шәкірт тәрбиелеп, өнерге баулып отырған Б.Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығының №2 жылжымалы мәдени бос уақытты ұйымдастыру кешенінің меңгерушісі Гүлнұр Әбілованың еңбегі зор екендігін атап өткен жөн.