Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРБОЙЫЛЫҚ “АЛТЫН БЕЛГІГЕ” ҮМІТКЕР ОҚУШЫЛАР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

СЫРБОЙЫЛЫҚ “АЛТЫН БЕЛГІГЕ” ҮМІТКЕР ОҚУШЫЛАР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқу жылының аяқталуының қарсаңында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев республикадағы барлық “Алтын белгіге” үміткерлермен кездесу өткізді. Аймақта үздік оқу үлгерімімен ерекшеленген 589 мектеп бітірушіге министр өзінің ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар берді және мектепте алған білімнің болашақта кәсіби табысқа жетудің мықты іргетасына айналарына сенімділік білдірді.
“Білім - бұл кез келген табыстың іргетасы. Сендердің биік мақсаттарға жетуге деген талаптарың мен табандылықтарың қуантады. Мектеп қабырғасында белсенді болып, өздеріңізден кейінгі оқушыларға үлгі бола білгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Биылғы жылы 186 мың мектеп бітіруші өмірлеріндегі жауапты сәтке қадам басқалы отыр. Әрқайсыларыңыз алдағы емтиханды сәтті тапсырып, өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіздер деп сенемін. Сіздерге білім жолында үнемі ізденіс пен талпыныс, табыс пен сәттілік тілеймін”,- деді Ғани Бейсембаев.
Кездесу кезінде Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы 101 мектеп-лицейінің “Алтын белгі” үміткері Зиядин Айгерім өз жетістіктері туралы айтып, болашаққа жоспарларымен бөлісті, министрге сұрақтарын қойды, пікір алмасты. Сапалы білім алу мүмкіндігін беріп, қолдау танытқан еліміздің үкіметіне алғысын білдірді.
24 мамыр 2024 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

№81 (9245)

12 қазан 2024 ж.

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031