«Сарапшылар шешім қабылдады»: Оқу-ағарту министрі жаңа оқу жылының ұзақтығы туралы айтты
ашық дереккөзден
Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты сарапшылар шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Ғани Бейсембаев сарапшылардың өткен жылғы оқу мерзімін қалдыруды ұсынғанын айтты.
Сарапшылар шешім қабылдады, ғалымдар да шешім қабылдап, оқу жылын 36 апта етіп қалдыруды ұсынады, - деді министр.
Десе де, министр бұл ұсыныс қоғаммен талқыланатынын айтты.
«Қазір министрлік түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, енді бұл ұсынысты бүкіл ел бойынша ата-аналар мен мұғалімдермен бірге талқылау қажет. Қазір біздің мамандар облыстарды аралап, ата-аналармен, балалармен, мұғалімдермен кездесіп, соңғы шешімнің қандай болатынын талқылап жатыр», - деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.