Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласында жаңалық көп

Білім саласында жаңалық көп

Биылғы оқу жылы аймақ үшін айтарлықтай жетістіктерге толы болды. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсына 25 оқушы қатысып, 16 оқушы жүлделі орынға ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде аймақтан 121 оқушы қатысып, 40 оқушы жүлделі орын иеленді.

Алғаш рет өткізілген ауыл мектептері оқушыларына арналған олимпиаданың респуб­ликалық кезеңіне 53 оқушы қатысып, 23 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Нәтиже­сінде Қызылорда облысы республика көлемінде «Үздік олимпиадалық команда» атанды. Ерек­ше білім беруді қажет ететін оқушылар да назардан тыс қалмады. Биыл алғаш рет «Менің қолымнан бәрі келеді» атты ерекше балалардың облыстық олимпиадасы өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов хабарлады.
– ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған жыл сайынғы «Үздік педагог» республикалық конкурсына 2022 жылы 4 педагог жеңімпаз атанса, 2023 жылы 5 педагог «Үздік педагог» иегері атанып, сайыс жеңімпаздары 3 млн теңге грант иеленді. Яғни біз республикада алғашқы үштіктеміз. Сонымен қатар 2023 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен шығармашылық ұжымдарды қолдау мақсатында 2014 жылдан бастау алған «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының қорытындысымен Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей үздік атанды. Бұл конкурс биылғы жылда  да өз жалғасын таппақ, – деді басқарма басшысы.
Биылғы оқу жылында 330 мектептегі 181804 оқушы бітіреді оның ішінде 11 сыныпты 8240 оқушы аяқтап, үлкен өмірге қадам басатын болады. Оның ішінде 589 мектеп бітірушілер «Алтын белгіге», 9 сынып  16015 білім алушының 2014-і «Үздік аттестатке» үміткер. Қорытынды бітіру емтихандары 9 сыныптар үшін 2024 жылғы 29 мамыр-10 маусым аралығында, 11 сынып білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 28 мамыр – 11 маусым аралығында өтеді.
– 11 сынып бітіруші алтын белгі үміткер­лердің жазбаша емтихандары, яғни «қазақ тілі», «алгебра және анализ бастамалары» пән­дері тапсырылатын емтихандарын облыстық білім басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия тексеретін болады. Бұл «Алтын белгіні» лайықтылар ғана алады деген сөз. Комис­сия жұмыс барысында ашықтық пен әділдік, адалдық қағидаттары қатаң сақталады. Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі 27-31 мамыр аралығында 5-8 сыныпта білім алатын 69735 оқушы, 11 сыныптағы 10130 оқушы, барлығы облыс бойынша 79845 оқушы бірінші рет «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан тапсырады, – деді басқарма басшысы.
– Осы жылдың 6-14 мамыр аралы­ғында ұлттық бірыңғай тестілеудің ең маңызды кезеңі үшін өтініштер қабылданды. ҰБТ 16 мамырдан 5 шілдеге дейін жалғасады. Тестілеу пункттері Қызылорда қаласында, Арал, Қазалы,  Жаңақорған аудандарында орналасқан. 8240 бала мектеп бітірсе, соның 89,75% немесе 7391 оқушы ҰБТ-ға қатысады, – деді Асқарбек Темірбекұлы.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының бастама­сымен 3 ауысымды және апаттық мектептердің мәселесіне түбегейлі шешу, 2025 жылға дейін 800 мың баланы заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қысқаша тоқталып өтті.  Өңі­рімізде жайлы мектеп жобасы аясында 12300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. 2024 жылға 10 мектеп, 2025 жылға 11 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде.  Нәтижесінде 4 апатты, 3 бейімделген ғимарат және 14,5 мың орын тапшылығы мәселелері шешілмек. Биыл өңірде 10 мектептің құрылысы басталған, 2024-2025 жылы 11 білім нысаны ел игілігіне пайдалануға беру жоспарланған. «Жайлы мек­теп» ұлттық жобасы аясында салынатын білім беру ұйымдарын сапалы құрал-жабдықтармен жабдықтау жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Білім беру инфрақұрлымын қолдау қоры» арқылы құны 7 млрд 900 млн теңгені құрайтын дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-ин­тер­нат, сонымен қатар Шиелі ауданындағы 100 орындық мектеп және жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданында 150 орындық мектептің құрылысы жүгізілуде. Бұдан бөлек, Арал ауданы, Тоқабай ауылындағы апатты мек­теп және Ақшатау ауылындағы  бастауыш мек­тептің жаңа ғимараты демеушілер есебінен салынуда.
– Жазғы тынығу лагерьлерінің жұмысына тоқталсақ, жалпы өңірде 1-10 сыныпта оқитын 173 мыңнан астам оқушы бар. Бүгінде оның 98%-ын жазғы тынығу лагері мен еңбекпен қамту жоспарлануда. Облыс бойынша жазғы демалысты ұйымдастыруға 2518 педагог, 38 белсенді студенттер мен 23 ерікті жас тартылмақ. Одан бөлек, қала сыртындағы 8 лагерьде 7 мыңнан астам бала демалса, аймақтан тыс жерде орналасқан лагерьлерде 5646 оқушы демалыспен қамтылмақ, – деді басқарма басшысы.

София ТЕМІРБОЛАТ
21 мамыр 2024 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930