15 мамырға арналған ауа райы болжамы

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Тек елімідің солтүстігі, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстігі, солтүстік-батысы мен орталығында тұман күтіледі.
Түнде Қостанай, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градус үсік түседі.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Фото: Pixabay