Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНАН ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КӨЛДЕРІНЕ 839 МЛН ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ ТАСҚЫН СУЫ ЖІБЕРІЛДІ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНАН ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КӨЛДЕРІНЕ 839 МЛН ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ ТАСҚЫН СУЫ ЖІБЕРІЛДІ

Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне 839 млн текше метрден астам тасқын суы жіберілді.
Осының нәтижесінде, алғаш рет Кеңгір су қоймасынан жіберілген су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне жетті.
Кеңгір су қоймасынан 307 млн текше метр су, Жезді су қоймасынан 81 млн текше метр су жіберілді, ал Сарысу өзеніндегі «Қызылжар темір жол станциясы» су бекеті арқылы 451 млн текше метр су келді.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинағаны байқалады, бұл өңірдің ауыл шаруашылығына жағымды әсер етуі тиіс. Жиналған су одан әрі облыстағы күріш алқаптарына жіберілетін болады.
13 мамыр 2024 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930