Дария суының деңгейі алаңдатады
Соңғы күндері Сырдарияны жағалай қоныстанған қалың ел тасқын судың қаупіне алаңдап отыр. Себебі биыл «Шардара» су қоймасы мерзімінен бұрын толып, көктемде елді мекендерді су басуы ықтимал.
Мамандар су қоймасында апат бола қалса 22 елді мекенді су шайып кетуі мүмкін екенін айтады. Ал ол елді мекендерде 34 мың халық зардап шегеді.
Қызылордалықтар да дария суынан келер қауіпке алаңдаулы. Оның үстіне биыл су қоймаларына су жылдағыдан мол келіп жатыр. Сала мамандарының мәліметінше, бүгінде Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 800 текше метр су жіберіліп жатыр екен. Соның негізінде «Көксарай» су реттегішіне секундына 200 текше метр су келеді. Ал Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 600 текше метр су жіберіліп жатса керек.
Дегенмен Арал-Сырдария инспекциясы жағдайдың толық бақылауда екенін айтып сендірді. Инспекцияның бөлім басшысы Сейітхан Абуовтың айтуынша, Сыр суы Арнасай ойпатына жіберілген.
Жағдай бақылауда дегенімен, қамданғанның қапы қалмайтынын ұмытпаған жөн. Бұл тұрғыда Үкімет деңгейінде арнайы ведомствоаралық штаб құрылып, тиісті жұмыстар қолға алынбаса, жағдай тіптен қиындауы мүмкін. Су мамандары осылай деп дабыл қағады.
Ал «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы тарапынан бұл мәселе күн тәртібінде тұрғанын мәлімдеп отыр.
Су тасқынының алдын алу үшін Арал теңізіне жіберілген су, құрғаған теңіз ұлтанын қайта қалпына келтіруге де мүмкіндік бермек. Соған орай жыл басынан бері теңіздің солтүстік бөлігіне 100 млн текше метр су жіберіліпті.
Негізінен, бүгінде Қызылорда облысы аумағына артығымен су келіп жатыр деген де ақпар бар. Бұл тұрғыда мамандар соңғы 5 жылда кеуіп қалған ескі арналарға су барып, 200-ге жуық ірілі-ұсақты көлдің 70 пайызы суға толғанын айтады. Тек қана республикалық меншіктегі 11 канал арқылы Қызылорда су торабына дейін 131,5 текше метр су алынып жатыр. Оның қатарында Күміскеткен, Қалғандария, Бұлақтыкөл көлдер жүйесі бар.
Сушылардың көктемде селден қауіп төнбей ме деп ерте қамдануының өзіндік сыры бар. Себебі Сырдария суының 93 пайызы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері арқылы келеді. Биыл бұл елдердің таулы аймақтарында жауын-шашын молынан түскен. Сондықтан да су мөлшері жылдағыдан артығымен келіп жатыр. Яғни, былтыр осы кезеңінде Шардара су қоймасына 2 млрд 200 текше метр су келсе, биылғы жылы бұл көрсеткіш 2 есе ұлғайған.

«Сырдарияның арнасынан асып кетпеуі үшін Арнасай ойпатына секундына 300 текше метр су жіберіп жатырмыз. Бұл тұрғыда Арал теңізіне жиналған судың көлемі 19,06 миллиард текше метрге жетті. Яғни, теңіздің су деңгейі айтарлықтай көтерілді. Соңғы күндері ауа райының күрт суытуына байланысты Сырдария өзенінің иіндерін мұз жабындысы басты. Қазір жағдай толық бақылануда», – дейді маман.
Жағдай бақылауда дегенімен, қамданғанның қапы қалмайтынын ұмытпаған жөн. Бұл тұрғыда Үкімет деңгейінде арнайы ведомствоаралық штаб құрылып, тиісті жұмыстар қолға алынбаса, жағдай тіптен қиындауы мүмкін. Су мамандары осылай деп дабыл қағады.
Ал «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы тарапынан бұл мәселе күн тәртібінде тұрғанын мәлімдеп отыр.
«Бүгінде облыс аумағындағы стратегиялық маңызы бар су тораптарын пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары транзиттік режимде жүргізілуде. Бүгінде Сырдария өзеніндегі мұз ұстасу жағдайына байланысты Қызылорда су торабына дейінгі су деңгейін төмендету үшін Жаңақорған, Шиелі аудандары аумағындағы каналдармен секундына 131,5 текше метр су алынуда. Қазір Сырдария өзенінің солтүстік аумағында толық мұз қатуы байқалады. Ал Көктөбе су бекетінде 10-15 пайыз күр жүруде. Дегенмен Төменарық су бекеті тұсы күрден тазарған», – деді «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.