Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті пайда болады

Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті пайда болады

Төтенше жағдайлар министрлігі жанынан жаңа мемлекеттік орган – төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылады. Тиісті қаулы министрдің қолымен «Ашық НҚА» порталында жарияланды.


Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Құжаттың түсіндірме жазбасында жазылғандай, жобаны іске асыру 1 млрд 638 млн 715 мың теңге (2024-2028 жж.) мөлшерінде қосымша қаржыны талап етіп отыр.
Аталмыш бағдарламаны іске асыру орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Жоба 24 мамырға дейін көпшіліктің талқылауына ұсынылды.
12 мамыр 2024 ж. 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (9414)

23 маусым 2026 ж.

№46 (9413).

20 маусым 2026 ж.

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930