Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлия туралы фильм түсіріледі

Әлия туралы фильм түсіріледі

Отандық киногерлер қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова туралы көркем фильм түсіруді қолға алды. Аталған туынды Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына, Жеңістің 80 жылдығына орай 2025 жылдың мамыр айында жарыққа шығады деп жоспарланған.

Әлия туралы фильм түсіріледі
Фото: oimaqnews.kz

Майдан даласында ерен ерлік көрсет­кен қайсар қыздың өмір жолы туралы деректі фильмдер топтамасы бұған дейін түсірілгенімен, толықметражды көркем фильм алғаш рет көрер­мен­ге жол тартпақ. Жобаның режиссері елімізге танымал жас режиссер – Ален Ниязбеков. Ал фильмнің сценарийін мәскеулік журналист Алена Кулешова үш жыл көлемінде жазып шыққан.
– Қазақтың батыр қызы Әлия Мол­да­ғұ­лова майданға аттанғанда жас­өс­пірім болды. Қолына қару алып, мергендік танытқан ол 78 жау әскерінің көзін жо­йып, Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Бұл оқиға мәскеулік журналист Алена Кулешованы баурап алғаны соншалық, ол өмірінің үш жылын сценарий жазуға арнады. Мифтер мен аңыздардан бас тартып, өмірдің шынайы шындығын іздеді. Әлияны жақсы білетін адамдарды тауып, олармен тілдесті, – дейді фильмнің бас продюсері Александр Шухов.
Киногерлер жұмыс барысында ғылыми қауымдастық пен тарих­шы­лар­дың да пікірі ескерілетінін, «Әлия» фильмі соғыс туралы емес, батылдық пен қайсарлықты бойға сіңірген қазақ қызының болмысына арналатынын атап өтті.
Алматыда журналистермен жүздескен шығармашылық топ өкілдері жобаға 900 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады деп жоспарланғанын, түсірілім жұ­мыс­тары ел аумағынан бөлек, Беларусь елінде өтуі мүмкін екенін жет­кізді.
«Біз тек сенімді, сарапшылар растайтын және мойындайтын фактілерді қолдануды мақсат еттік, Мәскеу әскери мұрағаттарындағы жұмыс нәтижесінде драмалық материал үшін дәлелденген негіз жиналды. Туындыда Әлияның өскен ортасы, ата-анасы, туған жері туралы баяндалады. Аталған жоба өскелең ұр­пақты отаншылдыққа, адалдыққа бау­литын дүние болады деген үмітіміз мол. 9 мамырдан бастап жалпыұлттық кас­­тинг өтеді. Басты рөлді сомдайтын актрисаны Қазақстан тұрғындары арасынан іздестіреміз. Әлияның образын ашатын 15-16 жастағы, бойы 150-155 см болатын қазақ қызына кең ауқымды ашық кастинг жария­лаймыз», дейді режиссер Ален Ниязбеков.
 
АЛМАТЫ 
09 мамыр 2024 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9203)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031