Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОТ КЕШКЕН АРУ ҒҰМЫРЛАР

ОТ КЕШКЕН АРУ ҒҰМЫРЛАР

Ұлы Отан соғысы... Бұл Кеңес Одағы құрамында болған халықтардың батылдығы мен төзімділігін көрсететін, тарихта мәңгі қалатын оқиға. Сол кезде қаншама қазақ жастары қыршынынан қиылып, елін сақтап қалу үшін соңғы демі қалғанша күресті. Осы күресте «ерлік» аталатын таңғажайып күштің арқасында ғана жеңіске қол жеткіздік. «Ерлік» сөзі біздің көз алдымызға қаһарман ата, әке, ағаларымызды әкелгенімен, оның символы нәзік жанды әйелдер де бола алады.
Алда келе жатқан мерекеге орай, назарларыңызға Ұлы Отан соғысындағы нәзік жандылардың ерлігі туралы кино өндіріс туындыларын ұсынамыз. Әрине, ең алдымен Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк туралы отандық фильмдер. «Мәншүк туралы жыр» («Песнь о Маншук») Қазақстандық режиссер Мәжит Бегалиннің туындысы 1969 жылы шығарылған еді. Фильмде Мәншүк пен дивизиясының бір күндік өмірі көрсетілген. Немістің танкілеріне қарсы шыққан дивизия ерлігі бейнеленеді. Екі жақтың күші тең болмаса да Мәншүк Мәметованың дивизиясы соңына дейін күресіп, ерлікпен қаза табады. Мәншүк қыз осы еңбегі үшін әйелдер арасынан ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алады.
«Мергендер» («Снайперы») Туынды 1985 жылы жарық көрген. Фильмде қолына қару ұстап көрмеген жас қыз Әлия бейнесі сипатталады. Соған қарамастан, Әлия нағыз мерген болып шығады. Бұл фильмде Әлияның мінезі, өзінің амал-тәсілдерін анық көрсетеді. Мерген қыз отыздан аса жаудың көзін жойған. Соңғы көріністе Ленинград үшін соғыс көрсетіледі. Көп адамды жоғалтқан ауыр соғыс болған жер еді. Дәл сол жерде батыр қыз ерлікпен қаза табады. Кейіннен Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. «Мұнда таң тыныштықпен атады...» («А зори здесь тихие...») Фильм Борис Васильев шығармасының желісі бойынша 1972 жылы түсірілген болатын. Бірақ, 2015 жылы Ренат Давлетьяров фильмді жаңаша түрде жасап шықты. Фильмде Сержант Федот Васков пен құрамында бес жас қыз (Женя Комелькова, Рита Осянина, Лиза Бричкина, Галя Четвертак,Соня Гурвич) болған әскерінің тәжірибелі диверсанттарға қарсы тұруы көрсетіледі. Он алты диверсантқа қарсы соғыста Васков әскері бір - бірлеп қаза болады. Жалғыз ғана Сержант аман қалып, тірі қалған диверсанттарды қамауға алады. Фильмнен ерекше әсер қалдыратын тұсы он тоғыз жасар Женя Комелькова қаза болған сәттегі автордың немістерді «...немцы добили ее в упор, а потом долго смотрели на ее и после смерти гордое и прекрасное лицо...» деп суреттегені еді. «Севастополь үшін шайқас» («Битва за Севастополь») Режиссер Сергей Мокрицкийдің 2015 жылы шыққан туындысы.
Фильм 25 – Чапаев атқыштар дивизиясының мергені Павличенко Людмила Михайловна туралы. Батыр қыз 309 неміс әскерінің көзін жойған болатын. Фильм Киев мемлекеттік университетінің студенті Людмиланың өз еркімен фронтқа аттануымен басталады. Алғашында Одесса үшін соғыста, кейін Севастополь үшін соғыста ерлік көрсетеді. Өкінішке орай, Севастопольдан жаралы күйде оралады. Кейіннен АҚШ-тағы Кеңес делегациясының құрамында болып, Элеонора Рузвельтпен жақсы қарым-қатынаста болады. Фильмдегі Людмила Павличенконың «Мне двадцать пять лет. На фронте я уже успела уничтожить триста девять фашистских захватчиков. Не кажется ли вам, джентельмены, что вы слишком долго прячетесь за моей спиной?!» деген сөздері өз басыма ерекше әсер қалдырды. Тағы бір жәйт фильмде әйгілі Виктор Цойдың «Кукушка» әні орындалады. «Мерген. Тұнғыс» («Снайпер.Тунгус») Режиссер Олег Фесенконың 2011 жылы ұсынған туындысы. Фильмде Сержант Михайловқа диверсанттар тобын құру тапсырмасы беріледі. Өкінішке орай, оның әскеріне тек жас қыздар ғана жіберіледі. Кері қайтар жолда оларға неміс әскері шабуыл жасап, Сержант Михайлов қаза болады. Қыздарды үйретуге енді тәжірибелі мерген іздеуге тура келеді. Генерал Пипченко әскер арасында 500 қашықтықтан атып, дәл тигізетін мерген солдат Кононов(Тунгус) бар екенін естиді. Тунгус үлбіреп тұрған жас қыздарды нағыз солдат қылып шығарады. Айта кететін жәйт Тунгустың рөлін қазақ актері Төлепберген Байсақалов ойнайды. «Халық комиссары обозы» («Наркомовский обоз») Режиссер Влар Фурманның 2011 жылғы туындысы.
Фильмде 1941 жылы Сержант Филиппов атқыштар дивизиясына спирт жеткізу туралы тапсырма алады. Оған көмекке төрт жас батыр қыздарды,ақсақал Архип пен жиені Митяны жібереді. Жолда бірнеше рет қала бұзақыларымен де, неміс диверсанттарымен де соғысады. Өкінішке орай, Сержант Филиппов әскерінің көбісінен айырылуымен аяқталады. «Мерген. Нысананы дәл көздедім» («Снайпер. Цель вижу») 2013 жылы жарық көрген Евгений Сокуровтың фильмі. Дивизияның үздік мергені, Лейтенант Сизова тапсырма бойынша жас мерген қыздарды өз қарамағына алып, соғысқа дайындай бастады. 18 жасар жеті қыздың алдында неміс әскеріне қарсы соғыста үлкен таңдау тұрады. Ол өз басын аман сақтап қалу немесе елі үшін аянбай жанын салу. Жас қыздар қай жолды таңдар екен? «Түнгі қарлығаштар» («Ночные ласточки») Режиссер Михаил Кабановтың фильмі. Фильм сюжеті бойынша 1941 жылы 8 қазанда Сталин қыздардын құралған әуе полкін құру туралы құпия жарлық шығарады. 46-шы Тамандық гвардиялық полкі немістерге қарсы соғыста ерекше ерлік көрсетеді. Полк 24 мың рет жауынгерлік тапсырмамен ұшты. Оның құрамында 25 Кеңес Одағының Батырлары болған екен. 2012 жылы «түнгі қарлығаш» -тарымыздың фронтта жазған өлеңдер жинағы жарық көрді. «Барлаушы бикештер» («Разведчицы») Режиссер Феликс Герчиковтың 2013 жылы түсірілген туындысы. 12 бөлімнен тұратын сериалда екі жас қыз Зоя Величко мен Арина Прозоровскаяны тыңшыларға арналған мектепке оқуға жібереді. Олардың онда оқуға өз себептері бар еді. Арина Прозоровскаяны «Еліңді саттың!» деп жазаласа, Зоя Величко Арина Прозоровскаяның анасын өлтірдің деген жалған жала жабылады. Тылсымнан тағдардың жазуы бойынша қосылған екі қыздың өмірі алда не болар екен? Бұл фильмдер — ең үздік әйелдер туралы туындылар. Ерекше әсер алып көретіндеріңізді толық сеніммен айта аламыз.
09 мамыр 2018 ж. 1 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930