ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұловтың төрағалығымен Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысына кеңес мүшелері, дербес бөлім, мекеме басшылары, Шиелі аудандық полиция бөлімі, кент және ауылдық округ әкімдері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері мен жастар өкілдері, жастармен жұмыс жасайтын мамандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібінде негізгі 3 мәселе қаралды:
1. «Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, жастардың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстар, жас ғалымдарды қолдау және «Серпін-2050» жобасына қатысушы жастармен атқарылған жұмыстар туралы». Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Ақпанбетов Марат Асанханұлы.
2. «Бәйгеқұм ауылдық округіндегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы».
Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі Абжапбаров Даулет Сейтқалиұлы.
3. «Ақмая ауылдық округіндегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы». Ақмая ауылдық округінің әкімі Сағындықов Бағлан Жанғалиұлы баяндама жасады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге сәйкес, сұрақтар қойылып, тиісті тапсырмалар берілді.