Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРҒЫНДАР ЕШҚАНДАЙ ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ СЕЗІНБЕУІ КЕРЕК

ТҰРҒЫНДАР ЕШҚАНДАЙ ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ СЕЗІНБЕУІ КЕРЕК

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының кейбір аудандарында жарықтың өшуіне байланысты шұғыл жиын өткізді.
Кешелі бері толассыз жауған жауын мен қолайсыз ауа райы салдарынан облыс орталығының кейбір аудандарында жарық сөніп қалған. Жиында қала әкімі мен орынбасарларына, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ басшылығына ақауларды шұғыл қалпына келтіру жөнінде тапсырма берілді.
"Демалыс күндері тұрғындар мұндай қолайсыздықтарды сезінбеуі керек. Жұртшылық жарық, су, газды әсіресе, осы күндері белсенді тұтынатын болғандықтан, жарықтың өшкені қаншама жұмысқа қолбайлау болуда. 109 қызметіне түскен хабарламалар бойынша апатты жою қызметі тез арада тиісті іс-қимылға көшіп, барлығын қалпына келтіруі керек. Екі сағаттың ішінде ақауларды жөндеңіздер", - деді аймақ басшысы.
Жиында сала басшыларының ақауды қалпына келтірудегі әрекетсіздігіне сын айтылды. "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Б.Қаракөзовке, пайдалану жөніндегі орынбасары-бас инженер Ш.Рахышевқа, қалалық электр тораптары басқармасының директоры Е.Каленовке қатаң сөгіс берілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
06 мамыр 2024 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930