Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кімдер тісін тегін емдете алады?

Қазақстанда кімдер тісін тегін емдете алады?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру негізінде ел азаматтары тісін тегін емдете алады. Ол үшін тұрғын шартта көрсетілген санаттың біріне сай келу керек, деп жазады Egemen.kz kz.otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
МӘМС арқылы тісін тегін емдете алатын азаматтар санаты:

Балалар; (Шұғыл жағдайда 18 жасқа дейінгі балалар)
Жүкті әйелдер;
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері;
1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен зейнеткерлер;
Жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар;
Ерекше баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар; бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар жоспарлы стоматологиялық көмекті ақысыз ала алады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен көрсетілетін стоматологиялық емдеу шаралары бекітілген. Олар:

Тұрақты тексерулер, профилактикалық процедуралар, тісжегіні емдеу, химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу.
Аталған жүйе бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 6-12 жас аралығындағы балалар ортодонтиялық емді де ақысыз түрде алуға мүмкіндігі бар.

Фото: ru.freepik.com
03 мамыр 2024 ж. 242 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 104

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031