Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда 200-ден астам адамды кене шаққан

Алматыда 200-ден астам адамды кене шаққан

Алматыда 200-ден астам адамды кене шаққан

Мегаполисте орман алқаптарын, халықтың жаппай демалатын жерлерін кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталып кеткен. 

Биылғы наурыз айынан бері Алматыда 212 адамды кене шаққан, деп хабарлады turkystan.kz  қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы медициналық мекемелерге жүгінген барлық тұрғынға шұғыл көмек көрсетілгенін айтты.
«Кене шаққан 14 жасқа дейінгі балалар саны 59,4%-ды құрады, бұл 126 бала. Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді, көрсеткіштер бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Жыл басынан бері кене инфекциясы тіркелген жоқ», деді СЭК басшысы.
Осы жылдың 22 сәуіріндегі жағдай бойынша барлығы 1478,974 га (62,4%) өңделді, оның ішінде орман алқаптары – 1017,338 га. Қаланың барлық саябақтары мен скверлерінде өңдеу толық көлемде жүргізілді. 
24 сәуір 2024 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930