Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » кемеңгер көшбасшы

кемеңгер көшбасшы

Осы мереке қарсаңында аудан тұрғындары көп жақсы жаңалықтардың куәгері болды. Солардың бірі – аудандық Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде өткен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты шара.
Мерекелік шара Елбасымыздың дүниеге келуін сахналаудан бастау алды. Алғашқы құттықтау сөзді сөйлеген аудан әкімі Әшім Оразбекұлы тәуелсіздік алған 26 жылдың ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктерін тізбелей келе жиылған жұртшылықты мерекелерімен құттықтап, игі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, шара барысында «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалының төрағасы Ө.Исмаилды, Жөлек ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы П.Отарбаевты, Ортақшыл ауылының ардагері Т.Смайловты, Ноғайбаевтар халықтық отбасы ансамблінің жетекшісі Ә.Ноғайбайды, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Бектегеноваларды «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі мен облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар, ауданның өсіп-өркендеуіне атсалысып жүрген біршама азаматтарға алғыс хатын табыс етті.
Шара мерекелік концертке ұласты. «Томирис» би тобы мен жезтаңдай әншілер А.Еркінбайқызы, Г.Алиханова, Н.Тілеулесова, Д.Әбдібекова, Ж.Жүсіпов, Р.Ысқақова, С.Көрегенов, С.Сейтенов, А.Досмағанбетовтер тыңдармандарына әсем ән мен билерінен тарту жасады.

Ерұлан ДАТКЕНОВ.
05 желтоқсан 2017 ж. 1 068 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930