СЕМИНАР - СЕНІМДІЛІК, ТРЕНИНГ - ТӘЖІРИБЕ
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі ҚР Оқу-ағарту және Ғылым және жоғары білім министрліктерінің қолдауымен, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп 3-4, 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа», 10-11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» және математика, бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Алтын тұғыр» олимпиадаларын жыл сайын өткізіп келеді.
Қызылорда облысы Білім басқармасының «Сыр дарыны» облыстық қосымша білім беру орталығымен бірлескен меморандум аясында «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі 2024 жылдың 16 сәуір күні 10 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» олимпиадасы арқылы білім гранттарын қалай алуға болады?» атты кәсіптік бағдар беру кездесуі, математика пәні мұғалімдеріне «Алтын түлек» олимпиадасына түсіндірме жұмыстары, бастауыш сынып мұғалімдеріне «Алтын тұғыр» олимпиадасына дайындалу үшін әдістемелік көмек беру мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Қазіргі заманғы білім берудің ең өзекті мәселелеріне тоқталып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар-тренинг - интерактивті әдістерді қолдану арқылы жүзеге асатын, үйренуші мен бағыттаушының бірлесе жұмыс атқаруына негізделетін заманауи оқыту формасы. Тренинг арқылы адам қандай да бір қабілетті немесе машықты игеруге жаттығады.
Семинар соңында пікір алмасып, түйткілді сұрақтарға жауап та алынды.