Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны: 12 мыңға жуық адам үйлеріне оралды

Су тасқыны: 12 мыңға жуық адам үйлеріне оралды

Бұл жайлы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, атап айтқанда өзендерде мұз жару және кесу, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдардың жағаларын нығайту жұмыстары, арық жүйелерін тазалау, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі күні 11 950 адам өз үйлеріне оралды. 6 746 адам, оның ішінде 2 967 бала эвакуациялау пунктерінде орналасқан. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 111 194 адам, оның ішінде 39 222 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 107 613 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіздік жерге айдалды.

ТЖМ психологтары жергілікті жерлерде азаматтарға және жедел желі телефондары арқылы шұғыл психологиялық көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінгі күнге дейін жедел желіге түскен 1 728 қоңырау пысықталды. Жұмылдырылған күштер мен құралдар 9,5 млн текше метр еріген қар суы тартып шығарды, 2 ,2 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төседі. 3 511 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды.

«Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 414 жеке тұрғын үй, 1 617 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 33 101 адам, 4 128 техника, 853 су сору құралы, 335 жүзу құралы, 10 әуе кемесі жұмылдырылды», – деді спикер.

Есіл, Қоңыр, Торғай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысы Атбасар ауданының Самара ауылында, Жарқайың ауданының Пригородное, Құмсуат ауылдарында, Бұланды ауданының Новобратск, Никольск ауылдарында, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Борки шағын ауданында, Хромзауыт шағын ауданы жанындағы Карьерная көшесінде, Қызылжар ауданының Соколовка, Большая малышка ауылдарында, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Нұра ауылында 196 жеке тұрғын үй мен 42 аула аумағы су астында қалды. 1 821 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Зардап шеккен өңірлерге 1 400 астам тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 37 ТЖ әрекет етеді.

15 сәуір 2024 ж. 136 0