Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны басталғалы бері 100 мыңнан астам адам құтқарылды

Су тасқыны басталғалы бері 100 мыңнан астам адам құтқарылды

Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 35 339 адам,  4 мыңнан астам техника, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.


Су тасқыны басталғалы бері 100 мыңнан астам адам құтқарылды

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте осындай мәліметтерді жария етті, деп жазады turkystan.kz.

Су тасқыны жағдайы туралы сағат 10:00-дегі ақпарат: су тасқыны басталғалы бері 107 119 адам, оның ішінде 38 457 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 7 414 адам, оның ішінде 3 173 бала  орналасты, - деді спикер.

9,3 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,9 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 35 339 адам,  4 мыңнан астам техника, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 870 жеке тұрғын үй, 1 264 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 мыңнан астам тұрғын үй мен 2 мыңға жуық аула аумағынан су бұрылды, - деді ҚР ТЖМ өкілі.

14 сәуір 2024 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031