Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДЫҢ СӘБИРАСЫ

СЫРДЫҢ СӘБИРАСЫ

Кеше аудандық мәдениет Үйінде мәңгі өлмес өнер иесі, ұлт мақтанышы, Қазақстан және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбира Майқанованың 110 жылдығына арналған «Сырдың Сәбирасы» атты қыз-келіншектер арасындағы монолог оқушылардың облыстық байқауы өтті.
Байқау барысында С.Майқанова жайлы бейнефильм көрсетіліп, әйел-аналар образының галереясын қалыптастырған ана жайлы Меруерт Жомартованың қатысуымен қойылған прологқа ұласты.
Байқауға Қазалы, Жалағаш, Жаңақорған, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандарынан 18-45 жас аралығындағы барлығы 9 үміткер қыз-келіншектер қатысты.
Байқауды Қызылорда облысының халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының «Мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Ғазиза Жүнісова ашып беріп, С.Майқанованың өмір жолына тоқталып, қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.
Тартысты өткен байқау нәтижесінде Бас жүлде қармақшылық Шакарова Гүлфаризаға, І орын жалағаштық Қоқымбай Шынарға, ІІ орын шиелілік Ысқақова Айнұрға бұйырса, қазалылық Сапар Динара мен жаңақорғандық Сәдуова Балжан ІІІ орынды өзара бөлісті.
11 сәуір 2024 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930