Қызылордалықтар медициналық сақтандыру қорына 72,5 млрд теңге аударды

Аударылған қаржының 43,6 млрд. теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 28,9 млрд. теңге - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.