Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Татуласу кабинеті өз жұмысын бастады

Татуласу кабинеті өз жұмысын бастады



Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүргізіліп жатқан «Татуласу: сотта, сотсыз» пилоттық жобасы аясында Шиелі аудандық сотында салтанатты түрде татуласу кабинеті ашылды.
Шараға заң консультациясының адвокаттары, прокуратура өкілі, кәсіби емес медиатор, судьялар және БАҚ өкілдері қатысты. Сот төрағасы М.Күздеубаев арнайы өкіммен бітістіруші – судья болып аудандық сот судьясы Г.Құрманбай бекітілгенін, ол тараптарға медиацияның артықшылықтары мен басымдықтарын жоғары деңгейде түсіндіретінін тілге тиек етті. Осы негізде дауларды шешу тараптарға ыңғайлы, қысқа уақытта және бітімгершілікке келуді қамтамасыз ететінін атап өтті аудандық сот төрағасы. Татуласу кабинеті сот ғимаратының бірінші қабатында орналасқан және онда тараптардың бір-бірімен еркін сөйлесіп, ортақ келісімге келуіне жағдай жасалған. Бұл шара аудандық сот тарапынан еліміздің сот жүйесінде жүргізіліп жатырған реформаларға қосқан үлесі болып табылады.
Дина Әбіласан.

15 мамыр 2018 ж. 1 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031