Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Татуласу кабинетінің ашылды

Татуласу кабинетінің ашылды


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүргізіліп жатқан "Татуласу: сотта, сотсыз" пилоттық жобасы аясында бүгін Шиелі аудандық сотында татуласу кабинетінің ашылу салтанаты болды. Шараға заң консультациясының адвокаттары, прокуратура өкілі, кәсіби емес медиатор, судьялар және БАҚ өкілдері қатысты. Сот төрағасы М.Күздеубаев арнайы өкіммен бітістіруші-судья болып аудандық сот судьясы Г.Құрманбай бекітілгенін, ол тараптарға медиацияның артықшылықтары мен басымдықтарын жоғары деңгейде түсіндіретінін, осы негізде дауларды шешу тараптарға ыңғайлы, қысқа уақытта және бітімгершілікке келуді қамтамасыз ететінін атап өтті. Татуласу кабинеті сот ғимаратының бірінші қабатында орналасқан, онда тараптардың бір-бірімен еркін сөйлесіп, ортақ келісімге келуіне жағдай жасалған. Бұл шара аудандық сот тарапынан еліміздің сот жүйесінде жүргізіліп жатырған реформаларға қосқан үлесі болып табылады.
08 мамыр 2018 ж. 1 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031