Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығыста су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіліп жатыр

Шығыста су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қар жамылғысының ауданы 67% құрайды. Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандарының, Өскемен қаласының жазық аумағында қар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Өңірде дауылды ескерту жарияланды. Қардың белсенді еруіне байланысты су деңгейінің көтерілуі және беткейлік ағындардың қалыптасуы мүмкін.

Тиісті мекемелер су айдындарында тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр. Ал құтқарушылар үйлерді аралап, тұрғындарға су тасқынындағы тәртіп ережелеріне нұсқау беріп отыр.
«Жағдай күрделене түскен жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының саны 2270 адам, 732 бірлік техника, сондай-ақ 61 бірлік жүзу құралдары мен 234 мотопомпалар болатын күштер мен құралдар қалыптастырылды», делінген хабарламада.

Еске салайық, төтенше жағдай кезінде 112 қысқа нөміріне хабарласу қажет.

04 сәуір 2024 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031