Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Абай облысында өзен суы көтеріліп, 50 аула аумағына жайылды

Абай облысында өзен суы көтеріліп, 50 аула аумағына жайылды

Абай облысының Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылында қардың қарқынды еруі салдарынан Эра өзенінде су деңгейі көтерілді. Салдарынан Первомайская көшесінің бойындағы 50 аула аумағын су басқан. Үйлерге су кірген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Абай облысында өзен суы көтеріліп, 50 аула аумағына жайылды
Фото: Видеоскрин. Абай облысы әкімдігі

19 адамды (оның ішінде 6 бала) эвакуациялау шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта тұрғындар өз үйлерінде отыр.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің, ЖАО, АПБ, орталық аудандық емхананың және АЭС күштері мен құралдарынан 44 адам және 7 техника жұмыс атқарып жатыр.
Первомайская және Болашақ көшелері бақылауға алынды. Үйлерді су басып кетпеу үшін инертті материалдар төселіп жатыр, барлығы 400 қап 500 тонна инертті материал төселді.
Төтенше жағдайлар қызметі үйлерді аралап, тұрғын үйлерді су баспауына тексеру жүргізіп жатыр. Талан-таражға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Бородулиха АПБ патрульдер ұйымдастырды.
Әкімдік хабарламасында: «Қазіргі уақытта Первомайская және Болашақ көшелерінің бойында су деңгейі төмендеп, аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Бородулиха ауданындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауға алынды», делінген.
30 наурыз 2024 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930