Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа заң пайда болды

Қазақстанда жаңа заң пайда болды

Елімізде жылу энергетикасы туралы алғаш рет жеке заң әзірленді. Бүгін, 3 сәуір күні Мәжіліс «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулерді мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
«Мәжіліс «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы және оған ілеспе жылу энергетикасы мен электр энергетикасы мәселелері бойынша заң актілеріне түзетулер енгізу туралы және Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Елімізде жылу энергетикасы саласындағы жеке заң алғаш рет әзірленіп отыр», деп жазды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мақұлданған заң жобасы жылу энергетикасы мен жылумен жабдықтау саласындағы қатынастардың барлық жиынтығын реттеу үшін толыққанды құқықтық негіз белгілеуге бағытталған.

Осы түзетулер аясында Кәсіпкерлік кодексіне, «Электр энергетикасы туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Фото: imghub.ru

03 сәуір 2024 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031