Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

«ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Орталықтың ұйымдастыруымен өткен аптада «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг өтті.
Іс-шарада дін саласы бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: белгілі дінтанушы Дәлелхан Қоңырбайұлы жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру бойынша өз тәжірибесімен бөліссе, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының» бас сарапшысы Асқар Кенжеев зайырлы қоғам және мемлекет дамуындағы зайырлылық принциптері, сондай-ақ, еліміздегі діни радикализм көріністері мен олардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар-тренинг барысында ұстаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан жан-жақты жауаптар алды.
Жалпы, мұндай сипаттағы шараларды өткізудегі басты мақсат - жастарды тәрбиелеуде олардың бойына патриоттық сезімді дарытып, толеранттылық, зайырлылық қағидаттарын үйрететін ұстаздардың білімін күшейту және жасөспірімдерді жат ағымдардан сақтандыру болып табылады.
03 сәуір 2024 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031