НАУРЫЗ ТОЙЫ – МЕРЕКЕ, САЛТ-ДӘСТҮРІМ – БЕРЕКЕ
Наурыз – қазақы болмысымызды танып, ұлттық ұстанымымызды ұлықтайтын мереке. Бұл мейрам – қазақ халқы үшін жаңару мен жасарудың нышаны. Қазақ халқы төл мерекені шырайлы жыл басы деп құрметтеп, береке-бірліктің, қайта түлеудің тойы ретінде дәріптеп келеді. Міне, осындай ұлы күнді Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі де ерекше атап өтті.
Біте қайнасқан тірлікке жұмыла кіріскен кітапхана ұжымы мейрамға жақсы дайындалған. Көз көріп, көңіл марқайған соң кітапханашылардың ұйымшылдығы ерекше әсер қалдырды. Жайылған дастарқан мен ұлттық ойындар, бәрі де үйлесім тапты. Бозбала мен бойжеткеннің шат-шадыман күлкісі мен білек сыбана күш сынасқан балуандарды да тамашаладық. Асық ойнаған балалар да өзгеше көрініс тапты. «Қонақжайлық – қазаққа тән қасиет» демекші, кітапхана қызметкерлерінің қонақжайлығына тәнті болдық. Неге десеңіз? Келген қонақтарды төрге шығарып, сыйлап, құрметпен қарағаны көңілге қуаныш ұялатты. Мерекелік шараның барысы кітапхана оқырмандарының өнерімен бастау алды. Атап айтсақ, Алғабас ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Еламан Кенжеш Наурыз мерекесіне арнау айтса, «Ұлттық халықтық билер» үйірмесінің «Дидар» кіші би тобы мың бұрала биледі. Сондайақ Диана Қалдыбай, Жанар Ақшалова және Ботакөз Орынбасар тамылжыта ән шырқады. Қазақ биін өз нақышына келтіре орындаған Рабиға Махсұтханова мен Ранай Тойбекова да ыстық ықыласқа бөленді. Бір сөзбен айтқанда, өнерпаздар той қызығын арттырды. Айта кету керек, іс-шараға ауылдық кітапханалар да атсалысты. Бестам, Алғабас, Еңбекші, Ш.Қодаманов ауылдық кітапханаларының қызметкерлері шашу шашып, келген қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Осылайша, кітапхана ұжымы ежелден табиғатпен етене араласқан, айдың амалын, күннің қабағын ұлы даланың ұлық мейрамын жоғары деңгейде атап өтті.
Айнұр ИБРАШЕВА