Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық эстрада жұлдыздары Бейжіңде өнер көрсетеді

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Бейжіңде өнер көрсетеді

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, опера әншісі Зарина Алтынбаева, «Ұлытау» этно-рок тобы, Абай атындағы ҚазҰОБТ хор ұжымы, «Серпер» және «Сазген сазы» ансамбльдерінің шығармашылық ұжымдары, «Астана Балет» балет труппасы Қытайдағы қазақстандық туризм жылының ашылуына орай өтетін гала-концертке қатысады, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Бейжіңде өнер көрсетеді
 Gov.kz

29 наурызда Бейжіңдегі China National Opera House сахнасында Қытайдағы қазақстандық туризм жылының ашылу салтанаты өтеді.
Қытайдағы қазақстандық туризм жылының ашылуы аясында 30 наурызда бейжіңдік танымал 798 арт аймағының алаңында «Наурыз Фест» өтеді.
Қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар Бейжің қонақтары мен тұрғындары үшін ауқымды мерекелік бағдарлама дайындады.
ҚХР астанасындағы ірі заманауи өнер орталығында «Сүгір» қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Яссы» би ансамблі өнер көрсетеді.
Еске сала кетсек, 2024 жыл Қытайда қазақстандық туризм жылы болып жарияланды.
26 наурыз 2024 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930