Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Ақтауда асық атудан ҚР чемпионаты басталды

Бүгін Ақтауда асық атудан ҚР чемпионаты басталды

Бүгін Ақтауда асық атудан ҚР чемпионаты басталды
Ақтауда наурыз айының 23-30 аралығында ұлттық спорт түрлері   — «Асық ату» мен «Бес асықтан» алғаш рет Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. «Асық ату» және «Бес асық» ойындарына 2008-2010, 2011-2013 жылдары туған жасөспірімдер қатысады. Өңірде  алғаш рет өткелі отырған бұл чемпионат ұлттық спорт - Асық ату және Бес асыққа деген қызығушылықты арттырып, ауыл аудан, қалаларда ұлттық спорт түрін дамыту, бабалардан мирас болған құндылықтарды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аталмыш додаға республикамыздың 18 өңірінен 288 спортшы  қатысып  бақ сынамақ. Айта өтейік, Ш.Есенов университетінің спорт залында 24 наурыз негізгі ойын басталып, ресми чемпионаттың ашылу салтанатты жиыны бүгін өтеді. ⁠
 
25 наурыз 2024 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031