Ауылдық округтердің табысы 2,5 есе артады
Бүгін Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру жоспары талқыланды. Ұлттық экономика министрі Н.Байбазаров бағдарлама шеңберінде ауылдық округтердің табысын 2,5 есе арттыру ұсынысын ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Министрдің айтуынша 2019-2023 жыл аралығында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына бюджеттен 524 млрд теңге бөлініп, 1,8 мың тірек және спутниктік ауылдарда 5,4 мыңнан астам жоба іске асырылған.
«Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 578 нысанды, 1,7 мың әлеуметтік нысанды және 3 мыңнан астам ауылішілік жолдарды салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ биыл республикалық бюджеттен 179 млрд теңге бөлініп, 500-ден астам ауылда 1,4 мың жобаны іске асыру жоспарланып жатыр», деді Н.Байбазаров.
Сондай-ақ ауыл экономикасын қарқынды дамыту үшін ауыл бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайту көзделіп отыр.
«Осы мақсатта бюджеттің IV деңгейіндегі кірістерін 2,5 есе арттырып, 167 млрд теңгеге жеткізуге мүмкіндік беретін қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарлануда. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығының 50%-ы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, пайдаланғаны үшін төлемақы және жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем», деді Ұлттық экономика министрі.

Фото: baigenews.kz