Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша бөлінген қаражатты игеру қарқыны жоғары

Қызылордада «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша бөлінген қаражатты игеру қарқыны жоғары



«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бөлінген қаржыны игеру бойынша Қызылорда облысы үздік өңірлер қатарында. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов аталған жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланған Үкімет отырысында хабарлады.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жобаны жүзеге асыру барысын баяндады. Сондай-ақ, бірқатар облыс әкімдері атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.


Үкімет басшысы 2019-2022 жылдары әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша мыңнан астам ауылда 3,7 мыңнан астам жоба іске асырылғанын, сондай-ақ 33 мың жұмыс орны ашылғанын атап өтті.

«Биыл 800 елді мекенде шамамен 2 мың жоба жүзеге асырылады. Бөлінген қаржыны игеру қарқыны Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында жақсы», – деді Премьер-министр.

Мұнан бөлек, жиында ауылдық елді мекендерді дамытуға жеке кәсіпкерлерді тартудың үлгілері атап көрсетілді. Мысал ретінде Жаңақорған және Сырдария аудандарында саябақ салуға қаражат бөлген «Азимут» ЖШС мен «Абзал и К» ӨК үлесі туралы айтылды.
Отырысты қорытындылаған Үкімет басшысы «Ауыл – ел бесігі» жобаларын сапалы және уақытында іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды барынша қаржыландыру мәселесін пысықтау қажеттігін атап өтті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
25 шілде 2023 ж. 397 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 99

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930