Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістаннан шыққан автошерушілер 3 мемлекеттегі 7 қаланы аралайды

Түркістаннан шыққан автошерушілер 3 мемлекеттегі 7 қаланы аралайды

Бүгін «Silk Road Fest» автошеруі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Фото: Түркістан қалалық әкімдігі

Түркістаннан басталған автосаяхат Өзбекстан мен Қырғызстанда жалғасады. Сегіз жол талғамайтын автокөлікке мінген саяхатшылар 3 мемлекеттегі 7 қаланы аралайды. Жалпы 8 күнде 3000 шақырым жол жүрмек. 
Іс-шараға Қазақстан автомото туризм қауымдастығының басшысы Абдуғали Абдуали және Өзбекстан автомото туризм ассоциациясының төрағасы Отабек Олижонов арнайы келіп қатысты. 
«Бүгін жол жүреміз. Құрамымызда Алматыдан келген 3 көлік, Өзбекстаннан 2 көлік, Кентау мен Астанадан бір көліктен бар. Бізге Өзбекстан мен Қырғызстаннан тағы саяхатшылар қосылады. Автошерудің басты мақсаты Түркістанды таныстыру. Туризді насихаттау. Баршамыз бірге шеруді Ыстық көлде қорытындылаймыз» – деді Абдуғали Абдуали.
19 наурыз 2024 ж. 240 0

Қоғам

Арнауға арқау азамат
14 шілде 2026 ж. 22

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031