Амал күні «Наурыз – думанмен» басталды
Амал күніне орай Aray city mall орталығында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз - думан» тақырыбында перфоманс өтті.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және «Қызылорда облысы әйелдер күштерінің альянсы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдасттыруымен өткен шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің белсенділері, әжелер ансамбльдері, мектеп оқушылары және республикалық, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекелік шараны «Қызылорда облысы әйелдер күштерінің альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рахима Ахметова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, облыстық қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Айгерім Алиева және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық негіздегі орынбасары, татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Галия Гизатуллина ашып, жыл басы Амал күнінің мән-маңызына, «Наурыз-думан» іс-шарасының мақсатына тоқталып өтті.

«Амал – елдік, халықтық мейрам. Бұл күні бірлік күшейеді, береке молаяды. Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр отбасына бақыт пен шаттық орнасын деген ниетпен бүгінгі іс-шараны көпшілік жиналатын орталықта атап өтудеміз. Ата-баба тарихын ұрпаққа жеткізу, оны айшықтап көрсету бізге парыз»,− деді Бақытжан Жарылқасынұлы.Айта кетейік, перфоманста қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлау үшін этномәдени орталық мүшелері, ұлағатты әжелер мен оқушылар халықтың әуезді әндерін шырқап, айналаны қуанышқа, мерекеге бөледі. Қазақы нақышта киініп, ұлттық музыкалық аспабтармен мерекенің сән-салтанатын асырды. Жиылған қауым қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Ұйымдастырушылар осы іс-шара арқылы көпшілікке Наурыз мерекесінің ұлттарды ұйыстырып, ізгілік пен мейірімділік сыйлайтын мейрам екенін көрсетті.
«Ана бір ғана отбасының тыныштығы емес, ана бүкіл әлемнің, елдің тыныштығын қалайды. Өйткені әйел ана – отбасы бірлігінің кепілі. Сондықтан бүгінгі перфоманста аналар, жастар, этнос өкілдері болып елді бірлікке, келісімге шақырамыз»,− деді Рахима Қаржаубайқызы.