Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Этномәдени бірлестік жетекшісіне құрмет көрсетілді

Этномәдени бірлестік жетекшісіне құрмет көрсетілді


Бүгін Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Баймановтың төрағалығымен осы уақытқа дейін «Қазақстан корейлері қауымдастығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарған Ким Елена Алексеевнаны шығарып салуға арналған шара өтті.

Шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ардагерлері қатысты.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Ш.Байманов Елена Алексеевнаға өңірдің дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін алғысын жеткізді.
«Құрметті Елена Алексеевна, этносаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында атқарған жұмыстарыңыз үшін Қызылорда облысының әкімі атынан зор алғысымды білдіремін.

Сондай-ақ, облыстың қоғамдық өміріне, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларына қосқан орасан зор үлесіңіз үшін ризашылығымыз шексіз.

Сіздің корей мәдениетін, әдет-ғұрпы мен дәстүрін дамыту, корей этносы өкілдеріне қазақ тілі мен Қазақстан мәдениетін үйретуде, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі ерен еңбегіңіз ерекше»,- деді Ш.Байманов.

Сыр бойындағы руханият саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Елена Алексеевнаға Қызылорда облысының ең жоғарғы марапаты «Құрмет» грамотасы табысталды.

Облыстық ҚХА ардагері Рахима Ахметова, Юрий Ким, ҚР ақпарат саласының үздігі Жағыппар Қарабала, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері сөз сөйлеп, Елена Алексеевнаның елге сіңірген ауқымды еңбегі мен мәдениет, өнер саласына қосқан жаңашылдығы, қайраткерлігі және «Алекс» өнер ордасының құрыруда, Қазақстан мен Корея арасындағы сенімді және достық қарым-қатынастарды дамытудағы тынымсыз еңбегі туралы жылы естеліктер және мерейлі мезеттерімен бөлісті.

Шара соңында Елена Алексеевна еленген еңбек пен көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіріп, барша әріптестеріне этносаралық қарым-қатынасты нығайту бағытындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
20 қазан 2023 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031