Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Корей этносының дәстүрге бай мерекесі - Сольналь

Корей этносының дәстүрге бай мерекесі - Сольналь

«Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық бірлестігінің ұйымдастырумен корей халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі Кореяна мейрамханасында тойланды.



Салтанатты кешке облыстағы корей этносы, облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшылар мен мүшелері, бірлестіктің ардагерлері, жастары қатысты.
Мерекеге орай жиылған қауым алдында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, облыстық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Алматыдағы корей театрынан арнайы келген қонақтар сөз сөйлеп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
1937 жылы Сыр еліне Қиыр шығыстан жер аударылған корей этносының өкілдері барлық замана ауыртпалығын еңсеруге еселі еңбегімен өз үлестерін қоса білді. Олар тағдыр теперішіне ұшыраған сәтте құшағын ашып, бауырына басқан жергілікті қазақ халқымен біте қайнасып, ынтымақта өмір сүріп, әр салада еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлесін қосып келеді.
Ай күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылдық мереке биылғы күнтізбеге сай 29 қаңтарда тойланды. Жаңа жылда корей этносы басымдықты отбасыға беретін көрінеді. Олар жас буынға, өскелең ұрпаққа ата-бабаның себэ салтын насихаттап, үлкендерді құрметтеуге шақыратын Жаңа жылды үлкен-кішісі бірге барлық жоралғыларды өз кезегімен орындады. Дәстүрге сәйкес жастар үлкендерге құрмет көрсетіп, олардың ақ батасын алды.
Сольналь мерекесінде би де, ән де, ұлттық ойын да болды. Барлық ер азаматтар жиналып, қазақтың лянгі тебу қозғалысты ойынына ұқсас – чегичхагиді ойнады. Бірлестіктің ардагері 95 жастағы Михаил Данилович бастаған үлкен кісілер қазақтың асату салтына сәйкес қатысушыларға  тәтті тоқаш ұсынды. Келген қонақтарға корей ұлттық тағамдарынан әзірленген мерекелік дастархан жайылды.
Сольналь мерекесіне қатысушылардың назарына «Алекс» хореографиялық ұжымының билері, «Чинсон» вокалдық тобының орындауында әндер ұсынылды. Шара соңында «Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық бірлестігінің жетекшісі Елена Ким естелік ретінде барлық қонақтарға ай күнтізбесін сыйға тартты.
31 қаңтар 2023 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031