Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордалықтарға ерекше корей тағамдары таныстырылды

Елордалықтарға ерекше корей тағамдары таныстырылды

Корей Республикасы Елшілігі елордада «Корей тағамдарының кешін» өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кеш қонақтарына Чосон әулеті кезеңінде дайындалған король дастарханының тағамдары таныстырылды. Шараға 50-ге жуық адам қатысты. Нақтырақ айтсақ, Швеция, Жапония, Италия сияқты 17 елдің елшілері, сондай-ақ дипломатиялық делегация өкілдері қатысты. Қонақтар назарына дәстүрлі корей музыкалық аспаптары мен дәстүрлі той киімдерінің көрмесі де ұсынылды. Шараның шымылдығын ашқан Корея Республикасының Елшісі Ку Хон Сок құттықтау сөзінде корей тағамдарын әзірлеп, оны ілгерілетуге көмектескен құрметті қонақтар мен бас аспаздарға алғыс білдірді. «Мен Кореядан нағыз король асханасын таныстыру үшін келген бас аспаз Хан Хен Докқа ерекше ризамын. Осындай баға жетпес ынтымаққа мүмкіндік берген қазақстандық аспаздарға алғысымыз шексіз. Бүкіл әлемде корей мәдениетінің әртүрлі формаларына қызығушылық үнемі артып келеді. BTS, K-Dramas, Squid Game және Parasite сияқты креативтік өнімдер мен K-POP әртістерінің арқасында сіз корей халқының мәдениеті керең тарап жатқанын мақтан етеміз», - деді Корей елшісі. Шара соңында қонақтар арасында корей тағамдары бойынша викторина өткізілді.

https://www.inform.kz
01 қараша 2021 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031