“БІР МЕКТЕП - БІР ЖОБА” ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Байқау шарты бойынша бірінші турда мектеп басшылары өз пәнінен ашық сабақ өткізіп, екінші тур бойынша мектепті дамыту бағытында жобаларын қорғады.
Бұл шара мектеп басшыларының алға қойған мақсаттарына жету жолында тынбай еңбектенуден ешқашан жалықпайтын креативті басшы ғана емес, мол педагогикалық іс-тәжірибесінің арқасында, ұжым мен оқушылардың және ата-аналардың арасында зор құрметтің иегесі екендіктерінің тағы бір дәлелі болуға нық қадам болды. Байқауда өзара тәжірибе алмасу, ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесі мен айналысып жүрген білім беру ұйымдары басшыларының озық инновациялық идеяларымен бөлісті.
Педагог мәртебесін биіктетуге бағытталған бұл байқауға білім беру ұйымдарының басшылары жоғары дайындықпен келді.
Шараны Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы қорытындылап, Алғыс хаттар және дипломдармен марапаттады.
Байқау нәтижесі бойынша № 41 орта мектеп директоры Елжасарова Айгул Сүлейменқызы, № 149 орта мектеп директоры Архабаева Айнур Перденовна, № 153 мектеп-лицей директоры Әмзе Қанат Алтынсарұлы үздік деп танылып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Әріптестерімізге обылыстық кезеңде сәттілік тілейміз!