ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «БІР МЕКТЕП – БІР ЖОБА» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ
Бүгін №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицей базасында аудандағы білім беру ұйымдары басшыларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында «Бір мектеп – бір жоба» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңі бастау алды.
Білім беру жүйесінде жүріп жатқан өзгерістер педагогтардың ғана емес білім беру ұйымдары басшыларының да үздіксіз кәсіби даму қажеттігін айқындайды. Байқау өзара тәжірибе алмасу, ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесі мен айналысып жүрген білім беру ұйымдары басшыларының озық инновациялық идеяларын бөлісуде.
Педагог мәртебесін биіктетуге бағытталған бұл байқауға білім беру ұйымдарының басшылары жоғары дайындықпен келген.
Жобаға Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы және білім бөлімінің қызметкерлері қатысуда.
Байқау шарты бойынша мектеп басшылары өз пәнінен ашық сабақ өткізіп, мектептің даму бағдарламасы аясындағы жобаларын қорғайды.
Байқаудың міндеттері мектеп директорларын инновациялық қызметке кәсіби өзін –өзі танытуға ынталандыру, білім беру жүйесінде мектеп басшысының мәртебесін арттыру және оң әлеуметтік кәсіби имиджін қалыптастыру, білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, педагогикалық менеджменттің басқару функцияларын жүзеге асыру.
Қатысушы мектеп директорларына сәттілік тілейміз!