БІР МЕКТЕП - БІР ЖОБА
НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ 4,5,6 КҮНДЕРІ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ № 46 А.С. ПУШКИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДЕ ОБЛЫСТЫҚ "БІР МЕКТЕП - БІР ЖОБА" АТТЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ.
БАЙҚАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ИДЕЯСЫМЕН, ТЫҢ ЖОБА НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА. БІРІНШІ ТУРДА АШЫҚ САБАҚ БЕРЕТІН БАСШЫЛАР ЖОБА ҚОРҒАП, БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ АРТУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ҮЛГІ ҰСЫНАДЫ.
БАЙҚАУ МАҚСАТЫ - ДИРЕКТОРЛАР КОРПУСЫНЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУҒА, ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА, ӨЗІН - ӨЗІ ДАМЫТУҒА ЫНТАЛАНДЫРУ.
БАЙҚАУҒА ТӘЖІРИБЕЛІ АРДАГЕР-ҰСТАЗДАР, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ҒАЛЫМДАР, ӘДІСКЕРЛЕР ҚАЗЫЛЫҚ ЖАСАЙДЫ. ОЗЫҚ БОЛҒАН ҮШ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛАДЫ.
АЙТА КЕТУ КЕРЕК, ӨТКЕН ЖЫЛЫ МАУСЫМ АЙЫНДА ӨТКЕН БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕҢЕСІНДЕ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІЛІК БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ ҚОРҒАЛЫП, ҚОЛДАУ ТАПҚАН БОЛАТЫН. БҰЛ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ДА РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУҒА ҚОСЫЛАТЫН БОЛАДЫ. РЕЙТИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАЗАН АЙЫНДА ШЫҒАРЫЛАДЫ.
ҚҰЗІРЕТТІ БАСШЫ. БІЛІМДІ ҰСТАЗ. ТАБЫСТЫ МЕКТЕП. БАЙҚАУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ ДЕ ОСЫ.