Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМНІҢ РАХЫМ НҰРЫ

ӘЛЕМНІҢ РАХЫМ НҰРЫ

Аудандық мәдениет үйінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Әлемнің рахым нұры» атты облыстық сира сайысы өтті.
Қатысушылар адамзаттың асыл тәжі болған, пайғамбарлардың падишасы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмірбаянына құрылған сұрақтар бойынша жарысқа түсті.
Аталған сайыстың мақсаты – жамағат арасында діни сауатты арттыру және Алланың ең сүйікті құлы болған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен ғибрат алуға шақыру. Тәлімі мол тағылымды шарада Сырдария, Байқоңыр, Жалағаш, Қармақшы, Арал, Қазалы, Жаңақорған, Шиелі аудандарынан және Қызылорда қаласынан 18 ер, 2 әйел адам бақ сынады. Олар соңғы елшіміздің теңдессіз пәк өмір жолынан сыр шертіп, бар білгенін ортаға салды.
Шара басында Қызылорда облысы «АқмешітСырдария» мешітінің наиб имамы, қари Мұқан ұстаз Абжалиев Құран оқыды.
Кіріспе сөзді Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев алып, қонақтарды кешегі өткен көктемнің шуақты мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтады.
– Өздеріңізге белгілі, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірін зерттеу, одан ғибрат алу – кейінгі ұрпақтың, осында отырған барлық азаматтың парызы. Бүгін осы ойды жүзеге асыру мақсатында Шиелі ауданында «Әлемнің рахым нұры» атты діниағартушылық сайыс өткізгелі тұрмыз. Аталған сайысқа қатысу үшін сонау айдынды Аралдан жайқалған Қаратаудың етегіндегі Жаңақорғанға дейінгі аймақтардың арасынан үміткерлер келіп отыр. Сайыскерлерге сәттілік тілеймін! – деді ол.
Сайысқа Қызылорда облысы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы, облыстың бас ұстазы Мұқан ұстаз Абжалиев, Қызылорда облысы, Шиелі кенті «Шәйзында» мешітінің бас имамы Ержан ұстаз Пірімбетов, Қызылорда облысы, Арал аудандық орталық мешітінің ұстазы Айболат ұстаз Теміров төрелік етті.
Алла Расулының (с.ғ.с.) риясыз өмір жолынан сыр шерткен сауапты сайыс үш кезеңге созылды. 1-кезеңде қатысушылар тақырыпқа сәйкес берілген 25 сұраққа смартфон арқылы жауап берді. Нәтижесінде, 20 сайыскердің 10-ы келесі кезеңге өтті.
2-кезең 6 бөлімнен тұратын ұяшықтағы сұрақтар бойынша жүргізілді. Жоғары ұпай жинаған 5 қатысушы соңғы кезеңге жолдама алды.
Финалдық кезеңде танымал ұстаздар сайыскерлерге видеосұрақ жолдады. Бұл жолы ұпай санын қазылар алқасы тағайындады.
Шара барысында қонақтарға да бірқатар сұрақтар қойылып, пікірталас ұйымдастырылды. Сондай-ақ көрермендер ұстаз бен шәкірт айтысына, Мәдениет үйінің қызметкерлері ұсынған шағын көрініске куә болды.
Қонақтарды мол ақпаратқа қанық қылған сайыстың нәтижесінде, 3-орынды (100 мың теңге) Арал ауданының қатысушысы Санжар Серікұлы, 2-орынды (200 мың теңге) Жалағаш ауданының қатысушысы Ғаламат Сәндібекұлы, 1-орынды (Умра қажылығы) Қармақшы ауданының қатысушысы Индира Қарашолақова иеленді. Сондай-ақ барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді.
– Әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл – менің күштілігімнен емес, Алланың қалауымен болған жеңіс. Аллаға шүкір! – деді жеңімпаз.

Таслима ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ
05 наурыз 2024 ж. 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031