Мүбәрак мереке
Мәуліт – араб сөзі. Біздің тілімізде «туған күн» деген ұғымды береді. Алла тағала елшілерінің соңғысы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне бұл айға осы атау берілген.
Алла елшісінің дүние есігін ашқан аталмыш мүбәрак айдың құрметіне елімізде түрлі игі шаралар қолға алынып, рухани кештер өтуде. Соның бірі аудандық мәдениет үйінде көрініс тапты. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі мен аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен кеш басталмас бұрын жиылған халық ҚМДБ-ның «Алла елшісіне сағыныш хаты» атты бейнероликті тамашалады. Пайғамбарға деген сағынышын бөлісуге келген жамағат көзіне жас алып, сезімдерін жасыра алмады. Сірә, бейнеролик Алла елшісінің өмірін көз алдарына алып келсе керек.
Ақмая ауылының тумасы, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Шыңғыс Сәдуовтың оқыған құранынан соң, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы жиылған жұртшылықты мерекелерімен құттықтап, Алла елшісінің өмір жолына қысқаша тоқталды. Сөз барысында адамзатқа рақым етіліп жіберілген елшінің өміріндегі қиыншылықтар, үмбетіне деген махаббатын ерекше атап өтті. Мұнан соң көріністер қойылып, әндер шырқалып, монологтар оқылды. Ал, Кенжебай Жүсіп пен Ержан Әміров, яғни, ұстаз бен шәкірт арасындағы айтыс көпшіліктің көңілінен шықты.
Рухани азық беретін бұл кештің өткен жылдарда өткізілген шаралардан ерекшелігі мұнда мәуліт қазақша оқылды. Қари Шыңғыс Сәдуов араб тілінде, ал, орталық мешіттің шәкірті Бақытжан Мұхамеджанұлы оқылған мәуліттің қазақша мағынасын орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Шара соңында өкіл имам бірнеше имамдарға, сонымен қатар, мешітте атқарылып жатқан жұмыстарға белсене атсалысып, демеушілік танытып жүрген қайырымды азаматтарға алғыс хаттар табыстады.
Ерұлан ДАТКЕНОВ.