Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәуліт мерекесі аталып өтті

Мәуліт мерекесі аталып өтті


Өткен сенбі күні аудандық мәдениет үйінде Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның дүниеге келген айының құрметіне орай рухани кеш болып өтті.

Шара басталмас бұрын жиылған халық ҚМДБ-ның "Алла елшісіне сағыныш хатты" атты бейне ролликті тамашалады. Ақмая ауылының тумасы, облыстық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің наиб имамы Шыңғыс Сәдуовтың құраннынан соң,  ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы жиылған жұртшылықты мерекелерімен құттықтап, Алла елшісінің өмір жолына қысқаша тоқталды. Мұнан соң көріністер қойылып, әндер шырқалды. Ал, Кенжебай Жүсіп пен Ержан Әмір арасындағы айтыс көпшіліктің көңілінен шықты. Шара соңында өкіл имам бірнеше имамдарға, сонымен қатар, мешітте атқарылып жатқан жұмыстарға белсене атсалысып, демеушілік танытып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табыстады.

"Өскен өңір" ақпарат.
16 желтоқсан 2018 ж. 2 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930