Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы «Үздік мәдени өңір» сыйлығын Қызылорда облысына табыстады

«ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы «Үздік мәдени өңір» сыйлығын Қызылорда облысына табыстады

Көктемнің көркем мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қызылордада мерекелік кеш өтті.

«ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы «Үздік мәдени өңір» сыйлығын Қызылорда облысына табыстады
 turksoy.org

Салтанатты іс-шараға Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева, комиссия мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, облыстың зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдар қатысты.
Іс-шарада Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Сыр елінен шыққан жыраулар мен тарихи тұлғаларға арнайы тоқталып, қаймағы бұзылмаған өнер ордасының үздіктерін атап өтті. 

«Осы сәтті пайдаланып, ТҮРКСОЙ ұйымы құрылған күннен бастап, қолдап, демеп келе жатқан Қазақстан еліне, сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына және Мәдениет министрі Аида Ғалымқызына шынайы алғысымды білдіргім келеді. Сіздермен киелі Кызыл-Орда жерінде, қазақ тарихының маңызды мекенінде, Қорқыт ата (9-12ғасыр), Асан қайғы (15-16 ғасыр), Әйтеке би, Жалаңтөс Бахадүр деп жанын берген, қазағым деп отқа да, суға түскен Алаш арыстары - Темірбек Жүргенов, Мұстафа қазағым Шоқайды, қазақ өнерінің ұлы тұлғалары Ешнияз сал, Нұртуған ақын, Базар жырау, Тұрмағамбет ақын сынды күйшілер шыққан қасиетті Сыр елінде, Қызылорда мекенінде көрісіп тұрғанымызға ерекше қуанып тұрған жайымыз бар», – деген Раев Сыр еліне «Үздік мәдени өңір» номинациясын аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлына табыстады. 

Сыйлық табыстаудан соң Нәлібаев ТҮРКСОЙ-ға алғысын білдірді. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» деген сөзін мысал келтіре отырып, Тәуелсіз Қазақстанның толағай табыстары мен Сыр өңірінің бүгінгі қол жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. 

«Ардақты аналарымыздың рухынан күш, ұлағатынан тәлім түйген аруларымыз экономикамыздың барлық саласында табысты еңбек етіп келеді. Аймағымызда мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 3233 адам болса, оның 1493-і немесе 46,2%-ы әйелдер, 36 мыңнан астам көп балалы аналардың 17 мыңнан астамы – алтын және күміс алқалы Батыр аналар. Құрметті аналар, қыз-келіншектер! Қоғам мен мемлекет дамуына белсене араласып, туған жеріміздің берекесі артуына, келбетінің көркеюіне әрдайым үлес қосып келесіздер. Сіздерге мың алғыс!» – деді Машбекұлы.

Кеш соңы өңірдің танымал өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен тәмамдалды. 
03 наурыз 2024 ж. 81 0