Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Түркітілдес елдер Абайдың мерейтойын атап өтеді

Түркітілдес елдер Абайдың мерейтойын атап өтеді

BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Қырғыз елінің Ош қаласында өткен Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымының мәдениет министрлерінің 37- отырысына қатысты.

Сонымен қатар іс-шараға Қырғыз елінің Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұлов, Ош қаласының мэрі Таалайбек Сарыбашев, Түркия Республикасының Мәдениет министрінің орынбасары Нәдір Алып Аслан, Әзірбайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Рафиг Байрамов, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Камола Акилова, Түркіменстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Гурбанмұрад Мырадалиев, ТҮРКСОЙ ұйымы елдеріне қарасты мемлекеттерден келген өзге де мәртебелі қонақтар келді.

Басқосу кезінде Нұрғиса Дәуешов ақын, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған жобамен таныстырды. ТҮРКСОЙ ,ас хатшысы Дүйсен Қасейінов пен өзге де ұйым мүшелері таныстырылымнан соң 2020 жылды түркітілдес елдерде ұлы ақынның мерейтойын атап өтуді бір ауыздан қолдады.

Сондай-ақ, министрлер осы жылы бауырлас мемлекеттер арасындағы мәдениет, өнер саласындағы байланыстар жайын талқылады. Отырыс барысында 2020 жылы түркі елдерінің мәдени астанасы болып Өзбекстанның Хиуа қаласы танылды.
03 желтоқсан 2019 ж. 56 0

Соңғы жаңалықтар

Айбары асқақ азат ел

Айбары асқақ азат ел

14 желтоқсан 2019 ж.
Үлгілі ауыл – бидайкөл

Үлгілі ауыл – бидайкөл

14 желтоқсан 2019 ж.
Қанаты қырқылған Қайрат

Қанаты қырқылған Қайрат

14 желтоқсан 2019 ж.

Қоғам

Үлгілі ауыл – бидайкөл
14 желтоқсан 2019 ж. 29

Тәуелсіздік ұрпағы

14 желтоқсан 2019 ж.

Менің атам желтоқсаншы

14 желтоқсан 2019 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (8748)

13 желтоқсан 2019 ж.

№96 (8747)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (8746)

06 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам