Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбелік полицей тұтас бір отбасын өрттен аман алып қалды

Ақтөбелік полицей тұтас бір отбасын өрттен аман алып қалды

Ақтөбе облысында полиция қызметкері тұтас бір отбасын өрт құрсауынан аман алып қалды, деп жазады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбелік полицей тұтас бір отбасын өрттен аман алып қалды (ВИДЕО)
 polisia.kz

1 наурыз күні таңғы уақытта Байғанин ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Әділ-ҚаҺар Кәдіров жұмысқа бара жатқан. Сол уақытта көршісінің үйінен қалың түтін шыққанын көреді. Жедел әрекет етіп, шырт ұйқыда жатқан үй иесін оятып, кәмелетке толмаған үш баланы сыртқа алып шығады. Ең кішкентай 5 жасар баланы алып келе жатып түтінге тұншығып есінен танып калған. 
Осы уақытта өрт сөндірушілер мен дәрігерлер келіп көмектескен. Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ержүрек тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.
02 наурыз 2024 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31