Терезені сындырып кірді: ШҚО-да ауыл әкімі көршісінің өртенген үйінен 11 жасар қызды алып шықты
Өрт сөндірушілер келгенге дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Малоубин ауылдық округінің әкімі 11 жастағы қызды өртеніп жатқан үйден шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сергей Сомов қыз баланы өртенген бөлмеден шығарып, жасанды дем берді. Содан кейін бала есін жиды. Оқиға бірнеше күн бұрын түнгі уақытта Секисовка ауылында болған.
Жеке меншік үйдің өртену орнына екі учаске қызметкерлері келді. Олар келгенде қабырғалар, терезе мен есік, үй төбесі жанып жатты. Өрт аумағы шамамен 70 шаршы метрді құрады. Барлау жұмыстары кезінде өрт сөндірушілер 11 жасар баланың түтінге толы бөлмеде жатқанын анықтады.
Әжесі үйге кіре алмады, өйткені жолды жалын жауып тастады. Осы кезде көрші үйдің жанындағы жалынды көріп, Малоубин ауылдық округінің әкімі Сомов СергейИванович өрт орнына қарай жүгірді. Ер адам еш ойланбастан терезені сындырып, түтінге толған бөлмеге кірді. Жатын бөлмеде есінен танып қалған қызды тауып алып, сыртқа шығарды. Әйелі екеуі қызға жасанды дем бере бастады. Бірнеше минуттан кейін қыз есін жиды.
Зардап шеккендер Өскемендегі ауруханаға түсті: Немересі мен әжесі иіске уланған. Әжейдің денесінің 30% термиялық күйік шалған. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы тұрақталды.
Өрттің екі нұсқасы айтылды: өртті абайсыз пайдалану және электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
stan.kz