Биыл Алматыда жеті жаңа қонақүй салынады
Алматыда 208,4 миллиард теңгеге 3287 нөмірлі 23 қонақүйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2024 жылы жеті қонақүйдің құрылысын аяқтау жоспарланған, қалған жобалар 2027 жылға дейін бітеді.
Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді.
Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл қаланың нөмірлік қорын ұлғайтуға, сонымен қатар туристердің мегаполисте болу жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта мегаполисте әртүрлі санаттағы 345 қонақүй бар. Алматы қаласының нөмірлік қоры 11 454 бірлік, қонақүй нысандарының біржолғы сыйымдылығы 21,8 мың орыннан асады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда жеке инвестициялар есебінен 161 орынға арналған төрт қонақүй инфрақұрылымы нысаны ашылды. Олардың ішінде: «Qazaq Auyl» мейрамханалық кешені бар эко-қонақүй, «Grand Mildom», «Medeu camp», «Dami hotel» қонақүйлері бар, — делінген хабарламада.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы